«2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 158-1245 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 759 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
2013 жылы жұмыссыздар мен оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі:
«
176. | «Экономика және қаржы колледжі» жеке білім беру мекемесі | Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде көмек көрсету. |
»;
деген жол төмендегі редакцияда жазылсын:
«
176. | «Академик Ғ.С. Сейітқасымов атындағы Индустриялық-экономикалық колледжі» жеке білім беру мекемесі | Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде көмек көрсету. |
»;
төмендегі мазмұндағы реттік нөмірлері 180-186-жолдармен толықтырылсын:
«