Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметінiң арасындағы жануарлар саушылығы саласындағы келiсiм (Алматы қ., 1995 жылы 15 тамызда)

Информация о документе
Датавторник, 15 августа 1995
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 15 августа 1995

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметінiң арасындағы жануарлар саушылығы саласындағы
 келiсiм
(Алматы қ., 1995 жылы 15 тамызда)

 

ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 20 ақпандағы № 237 Қаулысымен бекітілді

1997 ж. 3 маусымда күшіне енді

 

Бұдан әрi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрiк Республикасы Үкіметі,

жануарлар саушылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, өз елдерiнде жануарлардың қажеттi жай-күйiн қолдау және жұқпалы, паразитарлық ауруларға шалдығу қаупiн азайту мақсатында,

екi мемлекет арасындағы қатынастарды, достық пен ынтымақтастықты дамыту және жалғастыру тiлегiн басшылыққа ала отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:

 

 

1-бап

 

Уағдаласушы Тараптар жануарларды, олардың шикiзаттары мен өнiмдерiн, сондай-ақ жұқпалы аурулар көзi есебіндегі объектiлердi импорттау, экспорттау және транзиттеу нәтижесiнде пайда болатын эпизоотиялық аурулардан өз елдерiнiң аумағын қорғау саласында ынтымақтасатын болады.

 

 

2-бап

 

Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi министрлiктерi тiрi жануарларды, олардың өнiмдерiн және шекарадағы мал дәрiгерлiк қызметтiң тексеруiне ұшырайтын басқа да тауарларды экспорттау, импорттау және транзиттеу жөніндегі мал дәрiгерлiк талаптарды белгiлеу мақсатында бiрлескен хаттама жасайды.

 

 

3-бап

 

Уағдаласушы Тараптар тiрi жануарларды және олардың өнiмдерiн экспортқа шығару кезiнде пайдаланылатын мал дәрiгерлiк сертификаттарды белгiлейдi. Беделдi ресми мал дәрiгерлiк қызметтер экспорт/импорт үшiн мал дәрiгерлiк сертификаттар беруге жауапты болып табылады.

 

 

4-бап

 

Уағдаласушы Тараптар жануарларды өсiру және оларды сойып, етiн сату кезіндегі мал дәрiгерлiк талаптар бойынша бiрлескен хаттама жасайды.

 

 

5-бап

 

Уағдаласушы Тараптар өз елдерi аумағында аурулар пайда болғаны туралы бiр-бiрiне дереу хабарлауға мiндеттi.

 

 

6-бап

 

Уағдаласушы Тараптардың мал дәрiгерлiк қызметтерi:

а) ел аумағында пайда болған эпизоотиялық iндеттер, атап айтқанда, iндетке шалдыққан жануарлардың жеке организмдерi, саны, аурудың пайда болған жерi, диагнозы туралы тез хабарлау, аусыл ауруы шыққан жағдайда анықталған вирус түрi мен ауруды жою жөніндегі қолға алынып жатқан шараларды хабарлау;

б) ай сайын Халықаралық эпизоотиялық бюроның «А» тобындағы жұқпалы аурулар туралы статистикалық ақпараттар бюллетенiн алмасуды өз мiндеттерiне алады.

Аумағында осы баптың «а» тармағында келтiрiлген iндеттер орны бар Уағдаласушы Тарап ауру қоздырғышының зардаптылық қасиеттерi туралы мәлiметтердi екiншi Уағдаласушы Тарапқа беруге мiндеттi.

Уағдаласушы Тараптардың мал дәрiгерлiк қызметтерi көршi мемлекеттер хабарлаған аурулардың таралуын болдырмау жөнiнде қолға алынып жатқан шаралар туралы бiр-бiрiне хабарлауы тиiс.

 

 

7-бап

 

Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнiң 4-бабына сәйкес хаттамаға енгiзiлген ауруларды таратуы мүмкiн деп есептелетiн жануарларды, олардың шикiзаттары мен өнiмдерiн өзара экспортқа шығаруды тоқтатуға мiндеттенедi.

 

 

8-бап

 

Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары өзара экспортқа шығарылатын жануарлардың, азық-түлiктердiң және жануарлар өнiмдерiнiң барлық қажеттi тексерiстерiн, әсiресе жануарлар саушылығына қауiп туғызатын дәрiлердi, пестицидтердi, гормондарды, токсиндер мен басқа да агенттердi анықтау жөніндегі тексерiстердi осы Келісімнiң 1-бабындағы жағдайларға сәйкес белгiленетiн төзiмдiлiк деңгейiн ескере отырып жүргiзетiн болады.

 

 

9-бап

 

Уағдаласушы Тараптар мал дәрiгерлiк зерттеулер мен мал дәрiгерлiк шаралар саласында:

а) тәжiрибе және білім алмасу;

б) мамандандырылған институттармен және мамандандырылған ұйымдармен ынтымақтасу;

в) осы Келісімнiң 11-бабына сәйкес ақпараттар алмасу және мамандар мен зерттеушiлер сапарларын ұйымдастыру;

г) мал дәрiгерлiгi жөніндегі журналдар мен басқа да жарияланымдарды алмасу;

д) мал дәрiгерлiк қызмет пен ресми құжаттар бойынша ақпараттар алмасуды ұйымдастыру жолымен ынтымақтасатын болады.

 

 

10-бап

 

Уағдаласушы Тараптардың мал дәрiгерлiк қызметтерi осы Келісімге сәйкес жануарлар саушылығына қатысты барлық мәселелер бойынша тiкелей байланыстар орнататын болады.

 

 

11-бап

 

Осы Келісімдi орындау барысында әрбiр Уағдаласушы Тарап төмендегiдей шығындарды көтередi:

а) мал дәрiгерлiк журналдарды алмасу кезiнде барлық шығындарды жiберушi Тарап көтередi;

б) мамандар мен зерттеушi қызметкерлердi шақыру кезiнде барлық шығындарды қабылдаушы Тарап көтередi;

в) семинарлар және басқа да ғылыми шараларды өткізу кезіндегі көлiк шығындарын жiберушi Тарап, ал орналастыру, тағы басқа шығындарды қабылдаушы Тарап көтередi;

г) осы Келісімнiң 9-бабындағы жағдайларды жүзеге асыру кезіндегі көлiк шығындарын жiберушi Тарап, ал орналастыру, тағы басқа шығындарды қабылдаушы Тарап көтередi.

 

 

12-бап

 

Осы Келісімге байланысты туған барлық келiспеушiлiктер келiссөздер жүргiзу жолымен және Уағдаласушы Тараптар құрған бiрлескен комиссиялар арқылы шешiледi.

Аталған комиссияларға әр Тараптан үш өкiл енедi. Олар Уағдаласушы Тараптардың бiрiнен қуыным түскеннен кейiн 30 күннен кешiктiрiлмей тексерудi бастайды.

Әрбiр Уағдаласушы Тарап мүшесi комиссияға төрағалық етедi.

 

 

13-бап

 

Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың басқа халықаралық шарттары мен келісімдерi жөніндегі құқықтары мен мiндеттемелерiне қолданылмайды.

 

 

14-бап

 

Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың келiсуiмен толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

 

 

15-бап

 

Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың Келісімнiң күшiне енуiне қажеттi тиiстi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуын растайтын жазбаша хабарлауды алған күнiнен бастап күшiне енедi.

Осы Келісім бес жыл мерзiмге жасалады, егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi оны бұзу туралы осы мерзiмнiң бiтуiне кемiнде алты ай қалғанда екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарландырмаса, онда осы Келісімнiң мерзiмi келесi бесжылдық мерзiмге өзiнен-өзi ұзартылады.

 

1995 жылы 15 тамызда әрқайсысы қазақ, түрiк және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық мәтiн бiрдей күшке ие.

 

 

Қазақстан Республикасының

Түркия Республикасының

Үкіметі үшiн

Үкіметі үшiн

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом