Қатысушының жеке меншігіндегі негізгі құралдардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың, балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің м.а 2013 жылғы 20 тамыздағы № 250-ө бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 18-04/1030 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекiтiлген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткізу ережесіне және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, бұйырамын:
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтінім берушінің жеке меншігіндегі негізгі құралдар, ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін есепке алу нөмірін көрсете отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама нысандары бекітілсін.