Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.
3. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № А-6/693 «Көкшетау қаласында үгіт-насихаттық құжаттар үшін орынды анықтау туралы» қаулысын (аймақтық нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 11 шілдеде № 1-1-63 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 ақпандағы «Көкшетау» газеті және «Степной Маяк» газетіндегі № 28 басылымында жарияланған) күшін жоғалтқан деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ