ҚР Денсаулық саутау министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 111 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013.19.09. № 545 бұйрығымен 7-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 788 бұйрығына
7-1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОСЫМША
БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
«Онкология және гематология (балалар)» мамандығы қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру
бағдарламасының мазмұн минимумына қойылатын мемлекеттік талаптар
ҚР МҚБС
(2013.19.09. берілген толықтырулармен)
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана 2013
МАЗМҰНЫ
1. Қолдану саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Қысқартулар
5. Жалпы ережелер
6. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша қосымша медициналық білім алушы тұлғаларға қойылатын талаптар
7. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру немесе/және қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларының құрылымына қойылатын талаптар
8. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру немесе/және қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
9. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру немесе/және қайта даярлаудың білім беру ортасына қойылатын талаптар
10. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру немесе/және қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын меңгергендердің дайындық деңгейіне қойылытын талаптар
1. Қолдану саласы
Осы мемлекеттік стандарт (бұдан әрі - стандарт) қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламасы мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумы мен мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарттың ережелерін ведомствалық бағыныстылығына, ұйымдастыру-құқықтық нысандарына, оқыту түрлеріне қарамастан біліктілік арттыру мен қайта даярлау бағдарламасын жүзеге асыратын барлық ұйымдар қолдануға және сақтауға міндетті.