Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт (Алматы қ., 1997 жылғы 2 маусымда)

Информация о документе
Датапонедельник, 2 июня 1997
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 2 июня 1997

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы
шарт
(Алматы қ., 1997 жылғы 2 маусымда)

 

ҚР 1998 жылғы 8 мамырдағы № 229-I Заңымен ратификацияланды

1998 жылғы 29 қарашада күшіне енді

 

Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, халықаралық құқықтық көпшiлiкке танылған, қалыптарды басшылыққа ала отырып,

уағдаласушы екi Тарап азаматтарының жеке және мүлiктiк құқықтарының тең құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге ұмтылуға сүйене отырып,

азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз бере отырып,

төмендегiлер туралы уағдаласты:

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бөлiм. Құқықтық қорғау

 

1-бап. Құқықтық қорғауды ұсыну

1. Уағдаласушы бiр Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аймағында тұрақты тұратын басқа да адамдар басқа уағдаласушы Тараптың аумағында өздерiнiң жеке және мүлiктiк құқықтарына қатысты аталған Уағдаласушы Тарап азаматтары пайдаланатын құқықтық қорғауды пайдаланады.

2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа да адамдар басқа Уағдаласушы Тараптың соттарына, прокуратурасына, iшкi iстер және құзыретiне азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жататын /бұдан әрi «әдiлет мекемелерi» деп аталатын/ өзге мекемелерiне кедергiсiз бара алады, онда аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына қолданылатын шарттарда сөз сөйлей, құзаухаттар қозғай, талаптар ұсына және басқа да iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырыла алады.

3. Осы Шарт ережелерi осыған сәйкес Уағдаласушы Тараптар аумақтарында олардың заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға, сондай-ақ iс жүргiзу құқық қабiлетi бар басқа ұйымдарға қолданылады.

 

 

2-бап. Баждарды төлеуден босату және шығындардың орнын толтыру

1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, оның аумағында тұрақты тұратын өзге адамдар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында сот және нотариалдық баждар мен шығындар төлеуден және олардың орнын толтырудан босатылады, сондай-ақ аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына ұсынылатын шарттар мен көлемде ақысыз заңгерлiк көмектi пайдаланады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңiлдiктер шешiмнiң орындалуын қосқанда нақты iс бойынша жүзеге асырылатын барлық iс жүргiзу әрекеттерiне қолданылады.

 

3-бап. Жеке, отбасылық және мүлiктiк жағдай туралы құжаттар ұсыну

1. Осы шарттың 2-бабында көзделген жеңiлдiктер туралы құжаттарды қозғаған адамның жеке, отбасы және мүлiктiк жағдайы туралы құжаттар негiзiнде ұсынылады. Бұл құжаттарды аумағында аталған адамның тұратын жерi немесе орналасқан жерi бар Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемелерi бередi.

2. Егер құзаухат қозғаған адамның Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жерi немесе орналасқан жерi болмаса, онда осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың тиiстi дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi бере алады.

3. Жеңiлдiктер ұсыну туралы шешiм шығаратын әдiлет басқармасы қажет болған жағдайда құжаттарды берген мекемеден қосымша мағлұматтар немесе түсiнiктемелер талап ете алады.

 

 

II бөлiм. Құқықтық көмек

 

4-бап. Құқықтық көмек көрсету

1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi осы Шарттың ережелерiне сәйкес азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетедi.

2. Әдiлет мекемелерi осы баптың 4-тармағында аталған iстер бойынша басқа мекемелерге де құқықтық көмек көрсетедi.

3. Басқа мекемелер осы баптың 1-тармағында аталған iстер бойынша әдiлет мекемелерi арқылы құқықтық көмек туралы өтiнiштер жолдайды.

 

5-бап. Құқықтық көмек көлемi

Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген iс жүргiзу және басқа әрекеттердi орындау жолымен бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетедi, оның iшiнде:

а/ банк, қаржылық, заң және iскерлiк құжаттарды қосқанда құжаттарды құру және жолдау, тиiстi құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшiрмелерiн ұсыну;

б/ заттар мен құжаттарды тiнту, тауып алу және алуды, мүлiкке тыйым салу, заттай айғақтарды жiберу және беру;

в/ қарау және куәландыру жүргiзу;

г/ сарап жүргiзу;

д/ тараптардан, жәбiрленушiлерден, айыпталушылардан, куәлардан, сарапшылардан жауап алу;

е/ құқық бұзушылық жасауда айыпталған адамдарды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздеу құқық бұзушылық жасауда айыпталушы адамдарды, сондай-ақ үкiмдi орындауға келтiру үшiн адамдарды ұстап беру;

е/ қылмыстық қудалауды ұсыну;

ж/ сот құжаттарын ұсыну;

з/ азаматтық және отбасылық iстер бойынша сот шешiмдерiн, азаматтық талап бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдердi атқару жазаларын мойындау және орындау;

и/ құжаттар ұсыну жолымен.

 

6-бап. Қатынастар тәртiбi

Егер осы Шартта қатынас жасаудың өзге тәртiбi белгiленбесе, құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық органдары арқылы қатынасады.

 

7-бап

Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш мазмұны

1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште мыналар болуға тиiс:

а/ сұрау салушы әдiлет мекемесiнiң атауы және сұрау салынған әдiлет мекемесiнiң атауы;

б/ құқықтық көмек сұралып отырған iстiң атауы, өтiнiш мақсатын баяндау және сұралып отырған көмектi сипаттау;

в/ тараптардың, куәлардың аты-жөнi, олардың тұратын жерi немесе орналасқан жерi, заңды тұлғалар үшiн олардың атауы және орналасқан жерi;

г/ «в» тармақшасында аталған адамдардың өкiлдерi болған жағдайда олардың аты-жөнi және мекен-жайлары;

д/ орындалуы талап етiлiп отырған нақты процедураны қолдану себептерi және егжей-тегжейлi сипаттамасы;

е/ қылмыстық iстер бойынша, сондай құқық бұзушылықты құрайтын деректердi суреттеу, тиiстi заңдарды баяндау немесе олардың мәтiнi, сондай-ақ егер ол әрекет нәтижесiнде келтiрiлген болса, материалдық залал мөлшерi туралы мағлұматтар;

ж/ қажет болған жағдайда өтiнiш орындалуға тиiс мерзiмдi көрсету.

2. При необходимости к просьбе прилагаются надлежащим образом заверенные копии документов или выписки из них, облегчающие выполнение просьбы, либо необходимые для процессуальных действий, санкционируемых прокурорами. (ресми тілдегі мәтін түпнұсқаға сәйкес)

3. Құжаттарды беру туралы өтiнiшке, сондай-ақ алушының нақты мекен-жайы және құжаттар атауы көрсетiлу керек.

4. Өтiнiште тиiстi лауазымды адам қол қоюы керек және сұрау салушы әдiлет мекемесiнiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлуi керек.

 

8-бап. Орындау тәртiбi

1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау кезiнде сұрау салынған әдiлет мекемесi өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады. Өтiнiш берген әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша ол сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың iс жүргiзу қалыптарын да, егер олар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмесе, қолдана алады.

2. Егер сұрау салынған әдiлет мекемесi құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындауға құзыреттi болмаса, ол өтiнiштi құзыреттi мекемеге жолдайды және бұл туралы сұрау салған әдiлет мекемесiне хабарлайды.

3. Егер бұған сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары жол берсе, сұрау салған әдiлет мекемесi оның және мүдделi тараптардың өтiнiштiң орындалу уақыты мен орны туралы оған және мүдделi тараптарға хабарлайды.

4. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi құқықтық көмек туралы өтiнiштердiң өз уақытында және толық орындалуы үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Өтiнiш орындалған соң әдiлет мекемесi қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарды сұрау салған әдiлет мекемесiне қайтарады.

5. Осы Шарттың 19-бабына сәйкес құқықтық көмек көрсетiле алмайтын жағдайда сұрау салынған әдiлет мекемесi сұрау салушы мекемеге құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi және қоса берiлген құжаттарды қайтарады.

 

9-бап. Куәларды, азаматтық талапкерлердi, азаматтық жауапкерлердi, олардың өкiлдерiн, сарапшыларды шақырту

1. Алдын ала тергеуге немесе бiр Уағдаласушы Тараптың аумағындағы сотта iс қарауға қатысу қажеттiгi жағдайында басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы куәлар, жәбiрленушiлер, азаматтық жауапкерлер, олардың өкiлдерi, сарапшылар шақырылады.

2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi берген шақыру бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне келген куә, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ сарапшы өздерiнiң азаматтығына қарамастан, аталған Уағдаласушы Тарап аумағында оның мемлекеттiк шекарасынан өткенге дейiн жасалған қандай да бiр қылмысқа байланысты қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды, қамауға алынбайды немесе жазаланбайды. Бұл адамдар тергеу мәнi болып табылатын iс бойынша олардың берген көрсетулерi немесе сарапшы ретiнде берген қорытындыларына байланысты қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды. Қамауға алынбайды немесе жазаланбайды.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар, егер олардан жауап алушы әдiлет мекемесi олардың қатысуы одан әрi қажет емес деп хабарлаған күннен бастап екi жетi өткен соң олар бұл үшiн мүмкiндiгi бола тұра сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе, осы тармақта көзделген кепiлдiктерiнен айырылады. Бұл мерзiмге бұл адамдардың басқалардың кiнәсiнен сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағынан кете алмаған уақыты қосылмайды.

4. Уағдаласушы Тараптың куәсiне, сарапшысына, сондай-ақ жәбiрленушi мен оның заңды өкiлiне жұмыстан қол үзген күндер үшiн төленбеген еңбекақыны қосқанда жол жүруге және сұрау салушы мемлекет аумағында болуға байланысты шығындардың орны толтырылады. Сарапшының, сондай-ақ сарап жүргiзгенi үшiн ақы алуға құқығы бар. Шақыруда шақырылған адамдардың қандай төлемдер алуға құқылы екендігi де көрсетiлуге тиiс. Бұндай адамдардың өтiнiшi бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi тиiстi шығындардың орнын толтыруға аванс төлейдi.

5. Бiр Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жәбiрленушiнi, азаматтық талапкердi және азаматтық жауапкердi, куәнi немесе сарапшыны басқа Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемесiне шақыруда келмеген жағдайда күштеу шараларын қолдану қаупi болмауға тиiс.

 

10-бап. Құжаттарды беру тәртiбi

1. Егер берiлiп отырған құжаттар осы мемлекеттiң тiлiнде жасалған болса және тиiстi түрде куәландырылған аудармасы болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi құжаттарды берудi өтiнiшке және аталған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Олай болмаса, егер ол оларды қабылдауға ерiктi түрде келiссе, құжаттарды алушыға бередi.

2. Тапсыруға арналған құжаттардың аудармасының дұрыстығын растауды өтiнiш беретiн әдiлет мекемесi, не Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң дипломатиялық немесе консулдық өкiлi жүргiзедi.

3. Егер құжаттар өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша берiле алмайтын болса, сұрау салынған әдiлет мекемесi өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес мекен-жайды анықтау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Мекен-жайды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда сұрау салынған әдiлет мекемесi бұл жөнiнде сұрау салушы әдiлет мекемесiне хабарлайды және берiлуге тиiс құжаттарды оған қайтарады.

 

11-бап. Құжаттардың берiлуiн растау

Құжаттардың берiлуiн растау сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес ресiмделедi. Растауда беру әдiсi, орны және уақыты, сондай-ақ құжаттар берiлген адам көрсетiлуге тиiс. Құжаттардың берiлгендiгiн растау сұрау салушы әдiлет мекемесiне жолданады.

 

12-бап. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң өкiлеттiктерi

Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi арқылы құжаттар беруге және басқа Уағдаласушы Тарап аумағында орналасқан өз азаматтарынан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда күштеу сипатындағы шаралар немесе оларды қолдану қаупi қолданыла алмайды.

 

13-бап. Құжаттардың жарамдылығы

1. Уағдаласушы бiр Тараптың аумағында мекеме немесе осыған арнайы өкiлеттенген адам олардың құзыреттерi шегiнде және белгiленген нысанда дайындаған немесе куәландырған және елтаңбалық мөрмен бекiткен құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында қандай да бiр арнайы куәландырусыз қабылданады.

2. Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң аумағында ресми құжаттар ретiнде қаралатын құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында ресми құжаттың дәлелдi күшiн пайдаланады.

 

14-бап. Азаматтық хал туралы құжаттарды және басқа құжаттарды жолдау

1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiш бойынша бiр-бiрiне тiкелей аудармасыз және ақысыз азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, бiлiмi, еңбек стажы туралы куәлiктердi және өз мемлекеттерi азаматтарының және Уағдаласушы Тараптар аумағында тұрақты тұратын адамдардың жеке немесе мүлiктiк құқықтарына және мүдделерiне қатысты басқа да құжаттарды жолдайды.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi басқа Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын мүдделi адамдарға олардың өтiнiштерi бойынша аудармасыз және тiкелей жолдай алады.

 

15-бап. Мекен-жайларды және басқа мағлұматтарды анықтау

1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiш бойынша бiр-бiрiне, егер бұл азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажет болса, өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес Уағдаласушы Тараптар аумағында тұратын адамдардың мекен-жайларын анықтауда көмек көрсетедi. Бұл жағдайда сұрау салушы әдiлет мекемесi өтiнiште көрсетiлген адамның мекен-жайын анықтауға көмектесе алатын онда бар мағлұматтарды хабарлайды.

2. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша мүлiктiк талаптар қойған, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын адамдардың азаматтық халiн, жұмыс орнын немесе кәсiбiн және табысын анықтауда бiр-бiрiне көмек көрсетедi.

3. Осы бапқа сәйкес құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық органдары арқылы да, тiкелей де қатынас жасайды.

 

16-бап. Құқықтық мәселелер жөнiндегi ақпарат

Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң орталық органдары өтiнiш бойынша бiр-бiрiне олардың мемлекеттерiнде қолданылып жүрген немесе қолданылған заңдар туралы және оларды әдiлет мекемелерiнiң қолдану тәжiрибесi туралы, сондай-ақ құқықтық мәселелер жөнiндегi басқа да ақпараттарды ұсынады.

 

17-бап. Тiлдер

1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi осы Шартты орындау кезiне бiр-бiрiмен қатынас жасауда қазақ, өзбек және орыс тiлдерiн пайдаланады.

2. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тiлiнде жолданатын құжаттарға сұрау салушы Уағдаласушы Тарап тiлiне немесе орыс тiлiне жасалған аударма қоса берiледi. Уағдаласушы Тараптар, сондай-ақ қажет болған жағдайларда қазақ және өзбек тiлдерiндегi жазбаша және ауызша аударманы қамтамасыз етедi.

3. Құжаттардың жазбаша аудармасының дұрыстығын растау Уағдаласушы Тарап заңдарына және осы Шарт ережелерiне сәйкес жасалады.

 

18-бап. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындар

Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек көрсету жөнiндегi шығындардың орнын толтыруды талап етпейдi. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Тараптар олардың аумақтарында құқықтық көмек көрсету кезiнде пайда болған барлық шығындарды өздерi көтередi.

 

19-бап. Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту

1. Егер құқықтық жәрдем туралы өтiнiштi орындау адам құқықтарының бұзылуына әкеп соғатын, мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне залал келтiретiн, не сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келетiн болса, оны қанағаттандырудың толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн.

2. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаған жағдайда сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бас тарту себептерiн көрсете отырып, ол жайлы жазбаша түрде хабарлайды.

 

 

II тарау. Азаматтық және отбасы iстерi жөнiндегi құқықтық қатынастар

 

1-бөлiм. Құзырет

 

20-бап. Жалпы ережелер

1. Егер осы тараудың II-Ү бөлiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Уағдаласушы Тараптың бiреуiнiң аумағында тұрғылықты жерi бар адамдарға қойылатын талаптар олардың азаматтығына қарамастан, соның аумағында заңды тұлғаны басқару органы, оның өкiлдiгi не филиалы орналасқан осы Уағдаласушы Тараптың соттарына қойылады.

2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттары оның аумағында:

а/ жауапкер кәсiпорынның /филиалының/ сауда-саттық, өнеркәсiптiк немесе өзге шаруашылық қызметi жүзеге асырылған;

б/ даудың мәнiсi болып табылатын шарттан туындайтын міндеттемеге орындалған немесе толық не iшiнара орындалуға тиiс болған;

в/ ар-намысын, абыройы мен iскер атағын қорғау туралы талап бойынша талапкердiң тұрақты орны немесе орналасқан жерi болған жағдайда құзыреттi.

3. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы және де өзге заттық құқықтар туралы талаптар бойынша тек мүлiк орналасқан жердегi соттар ғана құзыреттi. Жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау шартынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар оған белгiленген тәртiпте наразылық қойылған көлiк ұйымы басқармасының орналасқан жерiнде қойылады.

 

21-бап. Шарттық сотқа жататындық

1. Егер тараптардың дауды осы соттарға беру туралы жазбаша келiсiмi болса, Уағдаласушы Тараптардың соттары iстердi басқа жағдайларда да қарай алады. Мұндай 20-баптың 3-тармағынан және осы тараудың II-V бөлiмдерiмен белгiленген басқа қалыптардан, сондай-ақ тиiстi Уағдаласушы Тараптың заңдарынан туындайтын ерекше құзыреттiң Тараптардың келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн емес.

2. Дауды беру туралы келiсiм болған кезде сот жауапкердiң өтiнiшi бойынша iс бойынша сот iсiн тоқтатады.

 

22-бап. Сот процестерiнiң өзара байланысы

1. Уағдаласушы екi Тараптың да соттарында сол тараптар арасында сол мән туралы және сол негiздер жөнiндегi iс бойынша iс қозғалған жағдайда iстi кейiнiрек қозғаған сот iс жүргiзудi тоқтатады.

2. Уағдаласушы Тараптардың келiсiмi бойынша бұрын iс қозғаған сот, сондай-ақ, егер бұл iс басқа сотта тезiрек әрi жан-жақты қаралады деп танылса, оның iшiнде дәлелдiң көп бөлiгi орналасқан жер бойынша, iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.

3. Негiзгi талаптағы құқық қатынасынан туындайтын қарсы талап және есепке алу туралы талаптар негiзгi талапты қарап жатқан сотта қаралуға жатады.

 

23-бап. Құқық қабiлеттiлiгi және әрекет қабiлеттiлiгi

1. Жеке адамның әрекет қабiлеттiлiгi осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.

2. Азаматтығы жоқ адамның әрекет қабiлеттiлiгi оның тұрақты тұратын жерi бар елдiң құқығы бойынша айқындалады.

3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол аумағында құрылған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.

 

24-бап. Әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану.

Әрекет қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстер бойынша осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.

2. Егер бiр Уағдаласушы Тараптың сотына оның аумағында тұрақты тұратын басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану негiздерi мәлiм болса, ол бұл адам соның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына ол жайлы хабарлайды.

3. Егер әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тануға негiздер туралы хабардар етiлген Уағдаласушы Тараптың соты үш ай аралығында iстi бастамаса немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстi оның аумағында бұл азаматтың тұрақты тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың соты қарайтын болады. Адамды әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстi оның аумағында бұл азаматтың тұрақты тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына жiберiледi.

4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi әрекет қабiлетiн қалпына келтiруге де қолданылады.

5. Осы баптың 1-3-тармақтарымен көзделген және кiдiртуге болмайтын жағдайларда адамды не оның мүлкiн қорғауға қажеттi шараларды осы адам тұратын Уағдаласушы Тараптың соты өз бетiнше қабылдай алады. Осы шараларға байланысты қабылданған өкiмдер осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына жiберiледi. Бұл өкiмдер, егер осы Уағдаласушы Тараппен өзгеше қаулы етiлсе жойылады.

6. Азаматты шектеулi, әрекет қабiлеттi немесе әрекет қабiлетсiз деп тану туралы iстер әрбiр Уағдаласушы Тараптардың соттары арқылы прокурордың мiндеттi қатысуымен қаралады.

 

25-бап. Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану және қаза болған деп жариялау.

Қайтыс болу фактiсiн анықтау

1. Адамды хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстер бойынша және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстер жөнiндегi соңғы мағлұматтар бойынша адам тiрi болған кезде азаматы болған Уағдаласушы Тараптың соттары, ал басқа адамдарға қатысты адамның соңғы тұратын жерi бойынша әдiлет мекемелерi құзыреттi.

2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттары басқа Уағдаласушы Тараптың азаматын және оның аумағында тұратын өзге адамды, оның аумағында тұратын, құқықтары мен мүдделерi осы Уағдаласушы Тараптың заңдарына негiзделген мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен немесе қаза болған деп тануы, сондай-ақ оның қайтыс болу фактiсiн анықтауы мүмкiн.

3. Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстердi және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстердi қарау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың соттары өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады.

 

 

III бөлiм. Отбасы iстерi

 

26-бап. Неке қию

1. Неке қию шарттары некелесушi адамдардың әрқайсысы үшiн азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен, ал азаматтығы жоқ адамдар үшiн олардың тұрақты тұратын жерi болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi. Осыған қоса неке қиюға кедергiлерге қатысты неке аумағында қиылатын Уағдаласушы Тарап заңдарының талаптары сақталуға тиiс.

2. Неке қию түрi неке қиылатын аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.

 

27-бап. Ерлi-зайыптылардың құқықтық қатынастары

1. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары оның аумағында ортақ тұрғылықты жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.

2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса және мұнда ерлi-зайыптылардың екеуiнде де бiр азаматтық болса, олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастарды олар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.

3. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса және олардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса, онда олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары, аумағында олардың ортақ тұрғылықты жерi болған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.

4. Егер осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Уағдаласушы Тараптардың аумағында ортақ тұрғылықты жерi болмаса, iстi мекемесi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.

5. Ерлi-зайыптылардың жылжымайтын мүлiкке қатысты олардың құқықтық қатынастары осы мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.

6. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары туралы iстер бойынша заңдары осы баптың 1-3, 5-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом