Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркiн сауда туралы
КЕЛIСIM
(1997 ж. 11 қараша, Алматы қ.)
Осы редакция 2004 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Заңымен 1999 ж. 23 маусымдағы № 395-I Заңымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі,
өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуды ұстанатындықтарын растай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Грузияның қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстарын ескере отырып,
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң еркiн қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн тани келiп,
Қазақстан Республикасы мен Грузияның Тарифтер және сауда жөніндегі Бас Келісімнiң (ТСБК) және Бүкілдүниежүзілiк Сауда Ұйымының (БСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар, тең құқық, өзара тиiмділiк және мүдделілік принциптерiн басшылыққа алып, Тарап-Мемлекеттерде қолданылатын заң актілерін сақтай отырып, тiке шаруашылық байланыстардың негiзiнде, меншiк түрлерiне қарамастан, шаруашылық қызметi субъектілерi арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамытып, кеңейтетiн болады.
Тараптардың әрқайсысы басқа Тарабына экономикалық нұқсан келтiрерлiк әрекеттерге бармайтын болады.
2-бап
1. Тараптар бірiнiң кеден аумағынан шығып, басқа Тарабының кеден аумағына арналған тауарлардың кедендік ресiмделуіндегі алымдардан, сондай-ақ экспортына және/немесе импортына қойылатын сандық шектеулерiнен басқа, барабар күшi бар кедендік баж алым, салықтар қолданбайды. Жыл сайын, екi жақты негiзде жеке Хаттамамен ресiмделiп, тауарлар келісiлген номенклатура бойынша аталған сауда тәртібінен алынып отырады.
2. Тараптар, осы баптың 1-тармағына сәйкес, еркiн сауда тәртібінен алынатындардың тiзбесiн, сондай-ақ осы алынатындарды қолданудың жалпы әдiстерiн жыл сайын әзiрлеп келісіп, отырады.
3. Осы Келісімнiң және оның қолданылу кезеңіндегi мақсаттар үшiн, Тарап-мемлекеттердің кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, халықаралық нормаларға сәйкес тауар шыққан елдің Айқындайтын ережесiмен белгiленген тауарларды айтамыз.
3-бап
Әрбір Тарап: