Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ақпараттық компьютерлік технологияларды барынша көп пайдалану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті (Есенбаев Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 498 бұйрығымен
бекітілді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ
2013-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтау саласын дамыту көрінісі
2. ҚР ЭД дамытудың негізгі қағидаттары және жалпы тәсілдері
3. Тұжырымдаманы іске асыратын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Әдебиет
1-қосымша. ҚР денсаулық сақтау саласының SWOT талдауы
2-қосымша. ҚР денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ескі үстел үстілік қосымшалардың тізімі
3-қосымша. Қолданыстағы ақпараттық жүйелердің сипаттамасы