Көтермелеудің салалық жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 Бұйрығы
(2012.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекітілсін.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012.09.04. № 29 бұйрығымен салалық жүйе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2007 жылғы 11 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
Бекітілген
Мәдениет саласының қызметкерлерiн көтермелеудiң
салалық жүйесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерiн көтермелеудiң салалық жүйесi «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген (бұдан әрі - Көтермелеу).
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерiнiң еңбегiн ынталандыру нысаны болып табылады.
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында «Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін» құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.
2. Құрмет дипломымен марапаттау шарттары