Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына
3-қосымша
Кеден органдары қызметтерінің санаттары үшін тестілеуден өту
қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндер
1. Осы Кеден органдары қызметтерінің санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәні (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден, шекті мәндерден өту тәртібін және шарттарын, шекті мәндерді айқындайды.
2. Тестілеуді жүргізудің мақсаты - осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тест тапсырмасының құрылымына сәйкес аттестаттауға жататын кеден органы қызметкерінің (бұдан әрі - қызметкер) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне және логикалық ойлау мүмкіншілігіне объективті баға беру.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) салалық бөлімшелері әзірлейді.
4. Тестілеуді жүргізу орны Комитет төрағасының лауазымдар санаттары бойынша бөлу шешіміне сәйкес анықталады.
5. Тестілеу әкімшіліктері тестілеуді жүргізеді. Тестілеу процесін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар мен қатысушылар тарапынан жемқорлық іс- әрекеттерді болдырмауды және шынайлықты қамтамасыз ету үшін ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің мамандары тартылуы мүмкін.
6. Тестілеу тестілеуден өтетін қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
7. Тестілеуге кеден органының басшысы бекіткен аттестаттауға жататын қызметкерлер тізіміне енгізілген қызметкер жіберіледі.
8. Қызметкер атқаратын лауазымының санатына талап етілетін біліктілік талаптарына байланысты тестілеудің тиісті бағдарламасын өтеді.