Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 3/665 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 31 июля 2013
Статус
Действующийвведен в действие с 31 июля 2013
Дата последнего изменениясреда, 31 июля 2013

Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 3/665 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және мемлекеттік тіл саясатын қолдау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші органы құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы Ереже бекітілсін.

3. Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы» 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 5/809, «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2008 жылғы 27 маусымдағы № 2/441 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары 3. Аманжоловаға жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі

А. Есімов

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 31 шілдедегі

№ 3/665 қаулысымен бекітілді

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатының
мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (бұдан әрі мәтін бойынша - Қоғамдық кеңес) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Қоғамдық кеңес туралы ереже Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі, ал оның дербес құрамын Алматы қаласының мәслихаты бекітеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами