Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
2. Сараптамалық кеңес өзінің міндеттерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 316 «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесін құру туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы А.К. Әміринге жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Бірінші вице-министр | А. Рау |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар бірінші
вице-министрінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 162 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестің
құрамы
| Әмірин Асқар Кемеңгерұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, төраға |