Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылы 16 қазандағы № 450 Қаулысы
(2019.25.12. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2019.25.12. № 543 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің 2019.25.12. № 543 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.