«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық маслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 19-2 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1859 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 166 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшада:
«150 890 775» сандары «149 953 135» сандарымен ауыстырылсын;
«134 202 794» сандары «133 265 154» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«151 692 129» сандары «150 806 722» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«312 639» сандары «260 405» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«- 3 113 208» сандары «- 3 113 207» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«3 113 208» сандары «3 113 207» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады, шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарында туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облысы мәслихатының
2013 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 19-2 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 10-3 шешіміне 1 қосымша
2013 жылға арналған облыстық бюджет