«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1459 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелердiң көрсеткiштерi» деген 3-бөлiмде:
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау» деген 1.1-мақсатта:
осы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары «223», «224», «225», «226» деген сандармен толықтырылсын;
мына:
«
Нысаналы индикаторлар (қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңiн) көрсете отырып) | Ақпарат көзi | Өлшем бiрлiгi | Есептi кезең | Жоспарлы кезең |
2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосылған құны | стат. деректер | өткен жылға %-бен | 113,2 | 88,4 | 120,1 | 87,8 | 103 | 103,5 | 103 |
2. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі | стат. деректер | мың теңге | 415,2 | 372,3 | 492,3 | 500 | 515 | 530 | 546 |
3. Экспорттың жалпы көлеміндегі АӨК экспорттық әлеуетінің үлесі | есептiк деректер | % | 3,9 | 3,4 | 2,1 | 3,4 | 2 | 2,1 | 2,2 |
4. Азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлесі | стат. деректер | % | 67,8 | 73,6 | 73 | 73 | 73 | 73 | 73 |
5. Кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ке тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі | есептiк деректер | млрд. теңге | - | - | - | - | 82,8 | 28,5 | 26,8 |