Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 789 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша ақы төлеуді, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 936 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссияның 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 19-қосымша мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
| 40 | 35.221 | Биологиялық аорталық қақпақшаның тігіссіз имплантациясы |