Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 Қаулысы
(2012.29.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2012.29.06. № А-8/328 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238-баптарына сәйкес, «Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларына және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 4С-12-11 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақмола облысы әкімдігінің 2012.29.06. № А-8/328 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
4. «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 наурызда № А-2/95 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3247 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойыған деп танылсын.