Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының және әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 4/1119 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының және әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
| Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 4/1119 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған Алматы қаласы әкімдігінің
қаулыларының және әкімінің шешімдерінің
тізбесі
1. Алматы қаласы әкімінің «Арнаулы қалалық жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 4 маусымдағы № 501 шешімі (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 63 болып тіркелген, 1999 жылғы 18 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).