ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен
бекітілген
«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергеннен бастап - күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілген комиссияның Төрағасы (немесе оның орынбасары) қол қойған Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі - холдинг) басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.