Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) «Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
13) «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;