ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен
бекітілген
«Валюталық операцияны тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Валюталық операцияны тіркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын ұсынған сәттен бастап - он жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - валюталық операция жөніндегі немесе шетел банкіндегі шот жөніндегі қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтінішті;
2) валюталық шарттың тігілген және қол қойылған (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен бекітілген (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;