Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 251 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5293 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1381) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: