2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/188 шешімі
Осы редакция 2014 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 81 109 523 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 49 079 886 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 52 423 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 846 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 31 970 368 мың теңге;
2) шығындар - 80 865 324 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 455 809 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 602 388 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 146 579 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 320 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 320 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 531 610 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 531 610 мың теңге.
2. 2014 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 100 пайыз;
Қарақия ауданына - 0 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 24,7 пайыз;
Түпқараған ауданына - 0 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 21,4 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 56,4 пайыз.
2) төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 100 пайыз;
Қарақия ауданына - 0 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;
Түпқараған ауданына - 0 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 0 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 100 пайыз.