Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығы
(2013.14.08 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесі бекітілсін.
2. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 01-01-31/149 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6257 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Д. Құсдәулетов |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 3 қарашадағы № 308
бұйрығымен бекітілген
Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) тыйым салынған мүлікті сату тәртібін белгілейді.
ҚР Әділет министрінің 2013.14.08. № 272 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
аукцион - тыйым салынған мүлікті сату бойынша алдын ала белгіленген жерде және уақытта өтетін жария конкурстық сауда-саттық;