Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 109 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 410 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 12-тармағына, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 227 бұйрығының («Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 18 шілдеде № 229-230 (27048-27049) болып жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 шілдеде № 7784 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. СӘРІНЖІПОВ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы