«Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 117 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереженінің 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 15 мамырдағы № 162 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Б.Б. Атамқұловқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші вице-министр | А. Рау |
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар бірінші
вице-министрінің 2014 жылғы
3 сәуірдегі № 117 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар бірінші
вице-министрінің 2012 жылғы
15 мамырдағы № 162 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің
құрамы
Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, төраға |