Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 127 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығын қараңыз
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 10-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысаны осы бұйрықтың 1-50 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 19 cәуірдегі
№ 127 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы
ҚАУЛЫ
| 20_ жыл «____» __________ | _____________________________ |
| | (қала, аудан атауы) |
___________________________________________________________________________________________________
(сот орындаушысының аумақтық бөлімінің, өңірінің атауы)
мемлекеттік сот орындаушысы _________________________________________________________________________
(сот орындаушысының мекенжайы, аты, әкесінің аты, тегі (бар болған жағдайда)
20___ жылғы «____» ____________ түскен _______________________________________________________________
(атқарушылық құжаттың нөмірі, келіп түскен күні, атауы) қарап, БЕЛГІЛЕДІ:
Атқарушылық құжат атқарушылық құжаттарға қойылатын заңмен белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Атқарушылық құжаттардың ұсыну мерзімі өтпеген.
Жоғарыдағылардың негізінде, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағын, 37-бабының 4-тармағын, 126-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. ________________________________________________________________________________________________