«Сот-медициналық сараптамасы функциясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 16 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 182 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 287 бірлескен бұйрығы
Кадрлық өзгерістерге байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (әрі қарай - Жоспар) орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Сот-медициналық сараптамасы функциясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 16 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бірлескен бұйрығына (әрі қарай - Бұйрық) келесі өзгерістер енгізілсін:
Бұйрыққа қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Бұйрықтың 2, 3-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс тобы Бұйрық пен Жоспарды іске асыру бойынша есепті ай сайын тапсырып отырсын.».
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Байжүнісов Ерік Әбенұлына жүктелсін.».
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.