Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 192 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 15 ақпандағы № 2-16-139 ұсынуы бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Теректі, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Карантин аймағын белгілеу туралы» 2009 жылғы 14 тамыздағы № 187 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3029 мемлекеттік тілде тіркелген, 2009 жылғы 27 тамыздағы облыстық «Орал өңірі» газетінде № 96 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2012 жылғы 12 қазандағы № 192
облыс әкімдігінің қаулысына
қосымша
Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Теректі, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандары және
Орал қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып,
карантинді аймақ
| Аудан атауы | Ауылдық округ- тердің атауы | Ауылшаруа- шылығы құрылым- дарының атауы | Карантин- дік объектінің атауы | Зақым- далған алаң, га |
| Ақжайық | Бударин | | Жатаған укекіре | 400 |
| | | «Бірлес» ЖШС | Жатаған укекіре | 500 |
| | Жаңабұлақ | | Жатаған укекіре | 800 |
| Барлығы | | | Жатаған укекіре | 1700 |