Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 2/489 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 20 июня 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 февраля 2015

Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 2/489 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін тиімді басқару және иелік ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде жалдау ақысы есептерінің мөлшерлемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 11 мамырда № 936 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда «Вечерний Алматы» газетінің № 65 санында және «Алматы ақшамы» газетінің № 63 санында жарияланған);

2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 23 шілдедегі № 3/626 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 17 тамызда № 950 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің № 104 санында және «Алматы ақшамы» газетінің № 103 санында жарияланған).

2.1. Алматы қаласы Қаржы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами