Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 60 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭДЫҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 60 бұйрығына қосымша
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлескен «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу»
жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
| № | Аты-жөні | Лауазымы |
| 1 | Шаяхметов Саят Болатұлы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, төраға |
| 2 | Төлеков Эльдар Мырзабекұлы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, төраға орынбасары |
| 3 | Сарбаева Ақнұр Рақымқызы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментінің Білім беру мониторингі басқармасының бас сарапшысы, хатшы |
| 4 | Кәрібжанова Ғалия Тоқтарбекқызы | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры |
| 5 | Сәрсенбеков Қанат Омарбекұлы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегия және корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары |