Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 37/257-5c шешімі
Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12/98-VII шешiмiмен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы бекітілсін (қосымша қоса тіркеледі).
2. Шымкент қалалық мәслихатының 21.12.2011 жылғы № 61/481-4с «Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-153 тіркелген 2012 жылғы 03 ақпанда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Н. Жаңабаев |
| Қалалық мәслихат хатшысы | Н. Бекназаров |
Шымкент қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 маусымдағы
№ 37/257-5с шешіміне қосымша
Шымкент қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
схемасы
1-аймақ