Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 750 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға»
көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Қажетті қаржыландыру көлемі (млн. теңге)* |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |