Введите номер документа
Прайс-лист

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 145 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 17 октября 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 марта 2017

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы 17 қазандағы

№ 145 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі - Комитет) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

5. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй.

6. Департаменттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

7. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами