Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/571 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № А-6/297 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ А-11/571 қаулысымен
бекітілді
Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағындағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің ережелерін бекіту барысында бірыңғай көзқарастарды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.