Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52 бұйрығымен күші жойылды
Сот статистикасын жетілдіру және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1, 2, 3, және 4-қосымшаларына сәйкес «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 2, «Апелляциялық сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 7, «Кассациялық сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 7К, «Соттардың азаматтық істерді қадағалау тәртібінде қарауы бойынша жұмысы туралы» № 9 есеп нысандары;
2) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулық.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
3) сот органдарына - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.