Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешімі
Осы редакция 2019 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 405 830 487 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 264 146 677 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 1 250 438 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 7 317 848 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 133 115 524 мың теңге;
2) шығындар - 376 112 927 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 10 865 274 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 10 865 280 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 18 995 334 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 18 995 334 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (- 143 048) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 143 048 мың теңге;
7) қарыздар түсімдері - 20 065 280 мың теңге;
8) қарыздарды өтеу - (- 19 922 232) мың теңге.
2. 2019 жылға республикалық бюджетке бюджеттiк алу 30 039 508 мың теңге сомасында қарастырылсын.
3. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 42 500 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң ең төмен мөлшерi - 16 037 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 36 108 теңге;