«Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 1005 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13738 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;