Введите номер документа
Прайс-лист

«Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 73 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 9 февраля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 9 февраля 2024
Дата последнего измененияпятница, 9 февраля 2024

Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 73 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің 2023 жылғы 22 қыркүйекте бекіткен Тауарлар қозғалысының барлық кезеңінде (әкелу, өндіру, өткізу) оларды жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) жүргізудің әдістемелік ұсынымдары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев):

1) 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде пилотты жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есепті 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ұсынсын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2024 жылғы 9 ақпандағы

№ 73 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бойынша

 әдістемелік ұсынымдар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами