«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 110 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: