Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 2/262-776 Қаулысы
(2025.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-6абына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 32.1 - 32.01/990-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы қаласы әкімдігінің 2025.27.06. № 2/262-887 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік ғимарат (Алматы қаласының демонстрациялық макетін орналастыру) салу үшін Алматы қаласы, Бостандық ауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 605-кеңсе болып белгіленсін.
4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала Жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: