Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-2/2 шешімі
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4095215 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 966909 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10234 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8528 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3109544 мың теңге;
2) шығындар – 4333939,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 407810) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер – 5175 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 412985 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 169085,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (- 169085,7) мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А. Әділбаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
Е. Баяхметов
14 сәуір 2023 жыл
Есіл аудандық мәслихатының
2023 жылғы 14 сәуірдегі
№ 8С-2/2 шешіміне
1 қосымша
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 34/2 шешіміне
1 қосымша
2023 жылға арналған аудандық бюджет
| Санаты | Сома мың теңге |
| Сыныбы |
| Кіші сыныбы |
| Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | I. Кірістер | 4095215 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 966909 |
| 01 | | Табыс салығы | 178607 |
| | 1 | Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы | 158993 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 19614 |
| 03 | | Әлеуметтік салық | 453336 |