ҚР СТ ИСО 488-2009
Сүт
Құрамында майдың болуын анықтау
Гербер бутирометрі
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Бутирометрдің типтері
4. Құрылуы
4.1 Материал
4.2 Пішіні мен өлшемдері
4.3 Аузы
4.4 Үлкен үрімше
4.5 Градуирленген сынауық
4.6 Шағын шарик
5. Шкала және градуирлеу
5.1 Шкаланың ұзындығы
5.2 Шкаланың қалпы
5.3 Шкаланың негізі
5.4 Градуирленген сызықтар
5.5 Градуирлеу схемасы
5.6 Градуирленген сандар және пайыздық белгілеу
5.7 Шкаланы бөлу үшін қате рұқсаттары
6. Температура
7. Жазбалар
А қосымшасы (ақпараттық) Ұсынылатын тығындар
Б қосымшасы (ақпараттық) Бутирометр шкаласын бөлу үшін қателерді анықтауға арналған ұсынылатын əдіс
Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт ИСО 2446 сәйкес Гербер әдісімен қаймағы алынбаған сүттің, қаймағы жартылай алынған сүттің және қаймағы алынған сүттің құрамында май болуын анықтау үшін бутирометрлердің жеті типінің сипаттамаларын белгілейді.
Бутирометрлер үшін ұсынылатын тығындар А қосымшасында сипатталған, ал бутирометр шкаласын бөлу үшін қателерді анықтаудың ұсынылатын әдісі В қосымшасында сипатталған.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын, стандарттау жөніндегі басқа нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.
ИСО 2446:2008 Сүт. Құрамынан майды анықтау (Жалпы қабылданған әдіс).*