«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 91-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 79-қ Қаулысы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 91-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7602 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 79-қ қаулысына қосымша
Арал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы « 26 » тамыздағы
№ 91-қ қаулысына қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
| № | Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекен жайы | Тұрғын үйдің жалпы алаңы (шаршы метр) | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері |
| 1 | Арал қаласы, Ж. Әлімбетов көшесі № 11 | 67,6 | 60 теңге 28 тиын |