Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшін тиісті көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 485 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдардың заттай нормалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелерінің басшысыларының бұйрығымен бекітілген тәртіппен, белгіленген жүріс лимиті шегінде жүзеге асырылады.
Кезекші автомобиль - жеңіл автомобиль немесе микроавтобус, немесе автобус соттар және құқық қорғау арнайы органдармен әрекеттестікке және қаржы-шаруашылық қызметке көліктік қызмет көрсетуге арналған.
Арнайы көлік - тек сот сарапшыларының оқиға орнын қарау және сараптама жүргізу, сондай-ақ, зерттеу объектілерінің сақталу орнын қарауға жедел шығыуы үшін бағытталған, зертханалық аспаптар және құрылғылармен жарақтандырылған жылжымалы зертхана.
3. Бекітілген заттай нормаларды іске асырыуы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелері үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы: