Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 365 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Заңының 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Сүтемгенов
2018 жыл « 30 » қараша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2018 жылғы
30 қараша № 365 қаулысына
Қосымша