«Концессия жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 645 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Концессия жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 645 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған
мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің жылдар бойынша
көлемі
Қолжетімділік үшін төлемақы төлемдерінің кестесі
Қолжетімділік үшін болжамды төлемақының жалпы базалық сомасы (концессия шартының талаптарында көзделген валюталық өтеуді, сондай-ақ қолжетімділік үшін төлемақыны түзетуді ескермегенде) 510967321 (бес жүз он миллиард тоғыз жүз алпыс жеті миллион үш жүз жиырма бір) мың теңгені (оның ішінде инвестициялық шығындар өтеу (ИШӨ) – 176724305 мың теңге, пайдалану шығындарын өтеу (ПШӨ) – 28031259 мың теңге, басқару сыйақысы (БС) – 306211758 мың теңге) құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
| 2023 жыл | 15855584 мың теңге (оның ішінде ИШӨ – 6497217 мың теңге, ПШӨ – 347796 мың теңге, БС – 9010571 мың теңге) |