Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығы
(2024.04.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.28.06. № 47 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.10.05. № 61 бұйрығымен (2023 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.28.06. № 47 бұйрығымен (2024 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.28.06. № 47 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.
2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;