Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/2 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7033 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 34 242 345,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 20 238 097,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 128 508,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 623 979,2 мың теңге;
трансферттер түсімі - 13 251 760,9 мың теңге;
2) шығындар - 35 384 102,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -137 423,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 110 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 248 023,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 293 060,8 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 293 060,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 297 395,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 297 395,0 мың теңге.»;
7 -тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2019 жылға 420 000,0 мың теңге сомасында қаланың жергілікті атқарушы органның резерві бекітілсін.»;