2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 шешімі
(2019.18.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019.28.03. № С-30/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.19.06. № С-34/13 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.28.08. № С-36/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.28.11. № С-38/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.18.12. № С-39/2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 36 293 690,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 19 604 697,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 157 475,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 821 370,2 мың теңге;
трансферттер түсімі - 15 710 147,2 мың теңге;
2) шығындар - 37 237 191,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -138 084,6 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 110 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 248 684,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 291 316,5 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 293 060,8 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 744,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 096 733,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 096 733,4 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.